Лекция 5. Пастель по акварели
Пастель очень выигрышно смотрится на тонированной или цветной бумаге. Но есть еще один интересный способ сделать работу пастелью ярче и объемнее — это предварительная подкладка из акварели. Это не только добавляет цветовой насыщенности, но и улучшает сцепление пастели с бумагой. Основное преимущество пастельной техники — это яркие, насыщенные цвета, мягкость линий, живая «пушистость» и «бархатистость». Она идеальна для портретов, пейзажей и изображения пушистых животных.
1. Наносим контур рисунка тоненькой карандашной линией. И прокрываем основные плоскости размытой акварельной краской. Можно использовать и яркие, насыщенные цвета, но в этом случае они будут сильно просвечивать через пастель, и будет невозможно добиться богатства гаммы оттенков. Хотя если задумана работа очень яркая, контрастная, то можно сразу прокрывать ярким цветом. Акварель полностью должна высохнуть.
Для работы пастелью понадобится чашка с водой (если вы работаете не рядом с раковиной) и салфетка, чтобы вытирать пальцы. Руки должны быть чистыми и сухими. Если кожа рук жирная и склонна к потливости — вымыть руки особенно тщательно с мылом, при необходимости протереть чем-нибудь обезжиривающим, иначе жирные пятна останутся на мелках и испортят их.
2. Начинаем поверху писать пастелью. Сначала — светлые тона. Поскольку пастель можно перекрывать только темным поверх светлого. Если делать наоборот, темное будет проступать, смешиваться со светлым, приглушать цвет. И светлый тон, положенный поверх темного никогда не будет таким ярким и светящимся, как положенный поверх бумаги или акварельной подкладки. Пастель не рекомендуется смешивать. Смешивание цветов допустимо лишь на границе пятен, а вообще пастелью пишут в основном чистым цветом — именно для этого в наборе столько разных оттенков.
На фото мелок без гильзы, но вообще это неправильно. Новая пастель уже заправлена в гильзы, предохраняющие пальцы от случайного загрязнения. Если таких гильз нет, можно завернуть мелки в фольгу. Если Вы пишете, держа руку не на весу, а кладете ее ребром ладони на лист, то подложите под нее листок бумаги, чтобы рукой на размазывать то, что уже нарисовали.
Пастель, и вообще все мелковые техники — то единственное исключение, когда рисунок можно и нужно растирать пальцем (в карандашном рисунке это недопустимо).
Самая распространенная ошибка при работе пастелью — растирать новый цвет тем же пальцем, которым растирали предыдущий. Это приводит к грязным пятнам. Растирать нужно каждый раз другим пальцем. То есть, вы можете подряд размазывать пальцем только пять цветов. Если одинаково работаете обеими руками — то десять.
Когда все пальцы запачканы — их надо вымыть под краном или окунуть в чашку с водой и вытереть салфеткой до сухого состояния. Пастель от кожи легко отмывается даже холодной водой. Но вот если попала на одежду — отмыть сложно, особенно если пигменты хорошего качества. Поэтому лучше работать в том, что не жаль запачкать.
3. Все основные плоскости прокрыты — можно приступать к прорисовке деталей.
Чтобы линия была тонкой, рисовать можно острым краем мелка
Или вообще взять маленький осколочек мелка (их много бывает в старой пастели).
Для проведения тонких линий еще существуют пастельные карандаши, но они нужны только для работы такого маленького формата, как показано здесь. Обычно формат для пастели — не менее А3, а лучше — А2 и А1. В этом случае хватает мелков обычной толщины.
Если есть необходимость растереть пастель на маленьких участках, можно пользоваться обычными ватными палочками для ушей:
Конечно, палочки необходимо менять на каждый цвет.
При перекрытии темного оттенка светлым добавляется объем, «материальность». Но мелки надо брать ярче и светлее, чем нужен цвет, поскольку темная подкладка приглушит цвет и утемнит тон.
4. Завершающий этап работы — прорисовка мелких деталей самыми темными цветами (если используете черный цвет — то черным).
5. Готовую работу нужно закрепить. Есть специальные закрепители для пастели, но на практике лучшим средством оказывается лак для волос «Прелесть». Или любой другой дешевый лак самой сильной фиксации. Ни в коем случае не пользоваться дорогими лаками! Они содержат много смягчающих добавок. Для волос это полезно, а вот закрепляют они плохо.
Закрепить работу так же, как закрепляют волосы — распылением с расстояния 15-20 см. В два-три слоя, причем каждый слой должен высохнуть.
Закрепление не только сделает работу прочнее, но и усилит яркость.
И все-таки чтобы наверняка обеспечить работе сохранность, ее рекомендуется вставить в рамку под стекло.
Источник
Пастель және акварель мен жұмыс.
Білімділік: Оқушыларға жыл құстары жайында, олардың қоғамға және қоршаған ортаға тигізетін әсері жайлы мағлұмат беру. Тыныс-тіршілігімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қадірлеуге, құстарға қамқор болуға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«Пастель және акварель мен жұмыс.»
Пастель және акварель мен жұмыс.
Орындаған : Алирахимова А . С
Тақырыбы: «Жыл құстары». Графика, пастель, карандаш, акварель.
Білімділік: Оқушыларға жыл құстары жайында, олардың қоғамға және қоршаған ортаға тигізетін әсері жайлы мағлұмат беру. Тыныс-тіршілігімен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушыларды сауатты сурет салуға үйрету, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қадірлеуге, құстарға қамқор болуға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Үй тапсырмасын бағалау.
Тақырыбы: «Қазақстанның көне қалалары.»
Оқушылардың өздері бірін-бірі бағалау. Блум таксономиясы бойынша бағалау.
Критериалары: 1. Тапқырыптан ауытқымау
Компоновка. (нысанды дұрыс орналастыру).
Көкжиектің дұрыс орналасуы.
Жарық пен көлеңке.
Жаңа сабақ: «Жыл құстары». Венн диаграммасы.
Оқушыларды 3 топқа бөлу: «Аққу» тобы, «Қарлығаш» тобы, «Тырналар» тобы. Әр топ өзіне топбасшы сайлайды.
Топпен жұмыс: топ атауындағы құстарды бірігп бейнелейді. Атауына сай құстарға мінездеме беру, сол құстар жайында мағлұмат жинап, өз тобын қорғап шығуы тиіс.
Топтар өзара бірін-бірі Блум таксономиясы бойынша бағалайды.
Қарлығаш — торғай тәрізділер отряды, әнші торғайлар тобының тұқымдасы.
Қазақстанда 5 түрі (жар қарлығашы, құз Қарлығашы, қосреңді Қарлығаш, секпілтөс Қарлығаш, кент Қарлығашы) кездеседі.
Қарлығаш өте жақсы ұшады, тіршілігінің көп уақытын ауада ұшып жүріп өткізеді. Су үстінен ұшып бара жатып-ақ су іше береді. Ұшып жүріп қорегін ұстап жейді. Дауысы онша қатты емес. Қарлығаш ұясын саз балшықтан сілекейімен араластырып бекем етіп жартас қуыстарына, жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына да салады. Ұясы жарты ай немесе түбі кең, аузы тар құмыра пішінді. Ұясының түбіне қауырсыннан, т.б. заттардан жұмсақ төсеніш жасайды. Ашық ұядағы жұмыртқа қара теңбілді шұбар, жабық ұядағы жұмыртқа ақ түсті болады. Жылына 1, кейде 2 рет 3—7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады. Балапандары қызылшақа болып туады.
Қорегі көбіне ұсақ жәндіктер. Ашық күндері биіктеп ұшады да, ауа райы жауын-шашынды болар алдында жер бауырлап ұшады. Сондықтан да қарлығаштың ұшу ерекшелігіне қарап ауа райының өзгерісін алдын-ала болжауға болады.
Аққулар — қазтәрізділер отряды, өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті . Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Су жағалауындағы өсімдіктердің арасындағы ұясына 3 – 7-ге дейін жұмыртқа салады. 29 – 40 күнде ширақ балапандар шығады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.
Аққулар – табиғаттың аса ғажап және қазір сирек кездесетін туындысы, біздің елімізде оларды аулауға тыйым салынған.
Ақ тырна — тырналар тұқымдасының бір түрі. Қазақстанның батыс және орталық аймақтарын көктемгі (сәуір — мамыр) және күзгі (тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында,Ырғыз және Торғай өзендері мен Арал теңізі жағалауында жиі кездеседі. Сирағының төменгі жағы қауырсынсыз, құйрығы қысқа. Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ақ, қанатының ұшы қара, тұмсығы қызыл. Суат маңын, көбінесе батпақты жерлерді мекен етеді. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ұясын шөп арасына, кейде тайыз су бетіне салады. Сәуір—мамырда 2-3 шұбар жұмыртқа туып, оларды мекиені 1 айға жуық басады. Жыл құсы. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Көкек. Қазақстанның барлық облыстарында кездесетін кәдімгі көкек және Оңтүстік Алтайда ғана мекендейтін меңіреу көкек бар. Ағаш басында жүруге бейім. Көкектер тіршілігін, негізінен, ағаш, бұта басында өткізеді. Олардың Қазақстанда кездесетін түрлері ұя салмайды (басқа құстардың ұясын пайдаланады), балапан баспайды. Көкек балапанының арқасына өте сезімтал бүртік пайда болады. Осы бүртікке басқа зат жанасса-ақ балапан оны лақтырып тастауға бейімделе қалады. Көкектер, негізінен, зиянкес түкті жұлдызқұрттармен қоректенеді. Сондай-ақ олар орманның зиянды жәндіктерін жеп пайда да келтіреді. Көкекті халқымыз аты жоқ құс деп те атайды, өйткені ол өз атын өзі шақырады.
Көкектер – жыл құсы. Олар жылы жақтан біздің республикамызға сәуір айында ұшып келеді. Бұл айда қар кетіп, күн жылынып, көкек шақыра бастайды. Қазақтың дәстүрлі күнтізбесіндегі сәуір айының көкек деп те аталуы осыған байланысты
Ақ дегелек – дегелектер тұқымдасына жататын ірі, ақ құс. Ол Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарында ғана кездеседі. Ақ дегелек – жұбын жазбай, бір орынға бірнеше жыл қатарынан келіп, елді мекендерге жақын су айдындарының маңындағы шалғынды, батпақты жазық аңғарларға ұя салады. Балапандарын ұядан 70 – 72 күнде ұшырады. Ақ дегелек ұсақ жәндіктермен, сондай-ақ жыланмен, көлбақамен, құрбақамен және кемірушілермен қоректенеді. Ақ дегелек – жыл құсы. Тамыз – қыркүйекте жылы жаққа қоныс аударады. Африка, Азияның оңтүстігінде қыстап шығады да, наурызда қайта ұшып келеді.
Барылдауық үйрек – үйректер тұқымдасына жататын ірі құс. Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Барылдауық үйрек – жыл құсы. Көктемде ұшып келеді, қамысты қопа ішіндегі ұяларына 7 – 11 жасыл түсті жұмыртқа салады, оны мекиені 26 күндей басады. Күзде (қазан – қараша айларында) қыстауға ұшып кетеді. Барылдауық үйрек балдырлармен, су өсімдіктерінің тұқымдарымен және ұсақ жәндіктермен, ал күзде дәнді дақылдармен де қоректенеді. Дәмді еті үшін ауланады.
Қаз – үйрек тұқымдасына жататын құс. Құрлықты не тайыз суды мекендейді. Суда жақсы жүзеді, сүңгиді. Балапан басатын кезде жұбымен жүреді, ұясын құрлыққа (шөптен, қынадан, мамықтан) салады. Асыранды қаз жабайы сұр қаздан тараған. Қаз майы – үсікті емдеуде шипалы зат. Қаздың мамығы, қауырсыны өте пайдалы.
Источник
Графика өнері. Пастель – түрлі-түсті бояу
Батыс Қазақстан облысы
Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ
Бірінші санатты бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі
Насемов Нурлан Тулегенович
Пастель – түрлі-түсті бояу
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын түрлі-түсті бояулар арқылы арттыра түсу, бояулардың қаншалықты қажет екенін түсіндіре отырып, одан әрі ой салу.
Әдісі: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ.
Көрнекілігі: А3 көлеміндегі Пастель технологиясымен салынған натюрморттар.
Сабақтың барысы және оның құрылысы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын пысықтау.
Ашық сабақ жоспары
Үй тапсырмасын пысықтау. «Күн мен түн» (сұрақ-жауап)
«Пастель түрлі-түсті бояу» тақырыбы туралы қысқаша мағлұмат беру.
«Туған жер суреттері» туралы өлең жолдарын тыңдап, пейзаж салу.
Оқушылардың салған жұмысын ортаға салу.
8. Үйге тапсырма беру.
Үйге берген тапсырманы пысықтау. Алдымен жақсы салынған жұмысты ортаға шығарып, оқушылар пікірлерін біліп, қателерін ескерту.
1. Графиканың тамаша құралын атаңыз. (Түрлі-түсті қарындаштар).
2. Сурет саларда түрлі-түсті қарындаштарды кімдер қолданған? (Көптеген белгілі суретшілер).
3. Қарындашпен салынған сурет нені талап етеді? (Еңбектену мен дағдылану).
4. Қарындашпен жұмыс жасағанда өшіргішті қолданамыз ба? (Аз қолдануға тура келеді).
5. Түрлі-түсті қарындаштармен жұмыс жасауды, меңгертуді нелерден салудан бастаған жөн? (Өсімдіктер, кішкентай натюрморт, табиғат көріністерін, ағаш бұтағын, гүл және жапырақтарды).
Жаңа сабақ. Тақырыптың аты «Пастель – түрлі-түсті бояу».
Көркем өнердегі «пастель» сөзінің ұғымы Италияның “pasta” деген сөзінен алынып, «қамыр» деген мағынаны білдіреді.
Пигменттің түрлі-түсті ұнтақтарын бор мен шайырдың қосындысын араластырып, илеп, арнайы қамыр жасайды. Сосын осы қамырдан жұмыр таяқшалар жасап, оны кептіреді. Пастель бояуы қарындаштар тобына жатады. Пастель бояуымен жұмыс жасау ежелден белгілі болған. Пастель бояуымен орындалған жұмыс өте ұзақ уақыт бойы сақталып, күн сәулесіне төзімді келеді. Пастель фактурасымен ерекшеленеді. Сұйық бояулардан айырмашылығы, өз түсін мүлдем өзгертпейді. Пастель бояу ұнтағын ұстап қалуға бұдыр немесе түкті негізді талап етеді. Пастельдің жалғыз кемшілігі, ол негізге нашар жұғып, нашар жабысады. Оны папкада сақтауға болмайды. Пастель жұмысты сақтау үшін шыны астына орналастыру керек.
«Туған жер суреттері» атты өлең жолын оқып, өз қалаулары бойынша сурет салу.
Перзентің қадіріңді ұғар жастан,
Таулы өлке тұман басқан, шынар басқан.
Сәскеге дейін талмай сапар шегер
Өреңе өр кеуде күн шыға алмастан.
Қар түсті бүгін тауда алғаш рет,
Былтырғы өткен қыстың жалғасы деп.
Шыңдар сұсты болды ма әлде содан
Бойында кәрлі қыстың таңбасы көп,
Бейне бір құлдыраған тау қыраны
Шыңдардан құлан иек таң құлады.
Қар басқан шыршаларды самал желпіп,
Жасарып, жап-жасыл боп қалды бәрі.
Бұл таудың ну орманы, өз бұлағы,
Әманда дархандықты сөз қылады.
Мәңгі қыс, мәңгі көктем көрші қонған,
Аппақ қар, жасыл шырша көзге ұрады.
Өшпес нұр шың басынан таралғандай,
Жанарым сол шұғыладан нәр алғандай.
Қазақтың кең пейілінен – Сарыарқасы,
Өр көңілінен Алатау жаралғандай, -дей отыра, ойларына өз пікірімді білдіремін.
Источник